«М. Қарабаев атындағы Қостанай облыстық оңалту орталығы» КМК

Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының

Қош келдіңіздер





Біздің санаторий Қостанай облысының Меңдіқара ауданы аумағында облыс орталығы Қостанай қ. 80 км. жерде орналасқан.
Санаторий кешені қарағайлы орманда, көл жағасында қоныс тепкен.

Санаторий тарихы 1935 жылғы 25 наурыздан бастау алып, 1930 жылдан бері келе жатқан демалыс үйі Казсовпрофтың қаулысымен туберкулезбен ауыратын сырқаттар үшін қымызбен емдеу шипажайы болып қайта құрылды.

Бұл күндері санаторий туберкулезбен ауырып шыққан тұлғалар үшін оңалту орталығы болып табылады,осыған байланысты «Бюро госпитализации» порталы арқылы санаторийге  жолданады.
  • Емдеудің демеу фазасындағы туберкулезбен ауыратындар;
  • «Д »есебінің II тобы бойынша есепте тұрған науқастар;
  • Туберкулезбен ауырып шыққаннан кейінгі КҚӨ (көп қалдық өзгерістер) ауыратындар,АҚӨ (аздаған қалдық өзгерістер ) және қолқаөпке ауруларымен есептен шығарылғандар ;
  • Санаторийде емдеу үшін ғана емес , сауықтыруға барлық жағдай жасалған, сондай-ақ белсенді демалыс жағдайлары жасалған.(2 коллаж)
  • Санаторий тәулік бойы қызмет етеді.
Медицина және қызмет ету персоналдары Сіздің демалысыңызды жайлы да жағымды етеді.



Күн нұрынын молдығы, емдік-диагностикалық базамен үйлескен хрустальдай таза емдік ауа, тамаша тамақтандыру Сізге тиімді емдеу курсынан өту ғана емес, керемет демалыс жағынан көмектесе алады.

Қарағайлы орманның емдік ауасы қылқанжапырақты ағаштардың кислород және эфир майларымен құнды, мұның өзі қуатты бактерияға қарсы қасиеттерге ие, бұл тыныс алу жолдарының өткір және созылмалы аурулары бар адамдар үшін маңызды.Күшті қарағай жұпары бұл өңірге келген әр мейманды табиғаттың өзімен үйлесімге келе отырып тынығуға үндейді.
Санаторийге сырқаттар өкпе-қолқа аурулары кезінде денсаулығын түзетіп және тынығып алу үшін келеді.
Санаторийде үдерістер жүргізу кезін медицина қызметкерлерінің тұтас штаты қадағалайды.Мамандардың емдеу курстарында анағұрлым әсерлі болатын үдерістерді әр науқасқа таңдап ұсыну мүмкіндіктері бар.

Туберкулезбен ауырып шыққаннан кейінгі КҚӨ (көп қалдық өзгерістер) ауыратындар, АҚӨ (аздаған қалдық өзгерістер) және қолқа-өкпе ауруларымен есептен шығарылғандар;



Санаторийде жыл сайын туберкулезбен ауыратын 750-800 дей сырқат емделеді және сауығып шығады.Науқастарды оңалту үшін мына емдеу-диагностикалау кабинеттері жұмыс істейді:
  • Емдік денешынықтыру кабинеті
  • Физотерапия кабинеті
  • Клиникалық, биохимиялық және бактериологиялық зертхана.
  • Массаж кабинеті
  • Ингаляция кабинеті
  • Стоматолог кабинеті
  • Үдеріс кабинеттері