«М. Қарабаев атындағы Қостанай облыстық оңалту орталығы» КМК

Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының

Тарихи анықтама
Санаторий тарихы 1935 жылғы 25 наурыздан бастау алып, 1930 жылдан бері келе жатқан демалыс үйі Казсовпрофтың қаулысымен туберкулезбен ауыратын сырқаттар үшін қымызбен емдеу шипажайы болып қайта құрылды. Барлық активтер мен пассивтермен қоса қосалқы шаруашылығын да тапсырды.Демалыс үйінің табиғи-климаттық жағдайлары сырқаттарды және туберкулезбен ауырып шыққандардың сауықтыру және нығайту үшін санаторий қымызбен емдеу талаптарына толығымен сәйкес келді.Мұның өзі санаторийдің қарағайлы орманда көл жағасында орналасып,климатының континентальды құрғақ болып өкпе-қолқа сырқаттары бар адамдардың ағзасының  жылдам нығаюна ықпал етеді.
 

Демалыс базасында ашылған қымызбен  емдеу маусымды түрде мамыр айынан бастап қараша айына дейін жұмыс істеп 150 кереуетке есептелді.Тұңғыш бас дәрігер болып Матвей Андреевич Тиматков белгіленді.Ұйықтау корпустары ағаш болатын және пешпен жылытылатын.Қызмет етуші персонал 60 шақты адам болды.

Қымызбен емдеу ошағының үлкен де мықты қосалқы шаруашылығы болды,оның өзі 1967 жылға дейін қызмет етті және сырқаттар мен қызметкерлерді қымызбен және ет,сүт өнімдерімен қамтамасыз етіп отырды.Қой саны 3000 басқа дейін жетті,жылқы 500,ірі қара мал 300-350,шошқалар  150 басқа дейін жетті.Қымызбен емдеу бір маусым ішінде Қостанай және Республикамыздың солтүстік облыстарынан 550-600 адамға дейін денсаулығын түзетті.Қостанай қаласына санаторийге жолданған науқастар жиналған шетке шығу санатрийі болды,олар атпен Боровское селосына келіп жететін.Емдеуде  қымыздан өзге қарағай бүршіктері,қылқан жапырақтар,итмұрын,құлпынай жапырақтары тұнбалары қолданылды, денешынықтыру,емдік гимнастика,күн және ауа ванналары кеңінен насихатталды,көлде су үдерістері және қайықпен серуен тағайындалды.ҰОС жылдарында көптеген мамандар,бас дәрігерден бастап майданға жөнелді,бірақ қымызбен емдеу жалғастырыла берді.ВЦСПС госпитальдері басқармасының бастығының 19.12.1941 ж.16.12.1941ж №122-04 өкімімен қымызбен емдеу орны Мәскеу қаласының балалар үйінің бірінен 301 эвакуацияланған балаларды қабылдады.Кеңес үкіметі соғыс басталғаннан бері туберкулезбен күрес бойынша бірқатар шара қабылдады.КСРО наркомздрав туберкулезге қарсы мекемелер сворачивать тыйым салды,ал 1942ж бастап оларды кеңейту басталды.ҚазССР бойыкша ВЦСПС гопитальдер басқармасы басшысы орынбасарының 08.06.1942ж №211 «Боровское» Республикалық тубсанаторийі болып қайта аталынды.ҰОС жылдары,сондай-ақ соғыстан кейінгі жылдары санаторийде:Фатима Сафеевна Бахтиярова,Иосиф Гаспарович Гофман,Людмила Николаевна Ширяева,Анна Евграфовна Горохова жұмыс істеді.(5-9с.)

 

Жолдамалар бойынша сауығуға Қазақстанның барлық облыстарынан және Ресей мен Өзбекстанның жуық жатқан облыстарынан науқастар келетін.(негізінен теміржол ауруханалары линиялары бойынша)
Материалдық-техникалық базаны дамытуға Ленин орденінің кавалері Константин Васильевич Богословский көп үлес қосты.Ол санаторийді 1945ж бастап 1969ж.дейін басқарды.Біртіндеп материальдық-техникалық база жақсара түсті,алғашқы физиоаппараттар пайда болып, 1947 жылы рентген аппараты алынды.Санаторий дәрігерлері аудан тұрғындарына да медициналық көмек танытты,ал рентген аппаратының қызметін көршілес аудандардың тұрғындары да көрген болатын.Науқастардың  тұрғын үй тұрмыс жағдайлары жақсарып,орталық жылыту үшін қазандық салынып,асхана мен клуб бөлек салынды.

Санаторийді бұдан кейінгі жылдары басқарғандар:
 
Валентина Дмитриевна Лисичко 1969ж. - 1971ж.




Леонид Вольфович Ржищев 1971ж. - 1976ж.


Әбдіәшім Қадырбекұлы Қадырбеков 1976ж. - 1980ж.


Амангелді Жұмаділұлы Байболатов 1980ж. - 1991ж.




Тілеген Асқарұлы Мусин 1991ж. - 1997ж.




Қайырбек Біләлұлы  Аюпов   1997ж. – 2018ж.




Шалов Марат Танирбергенович 2018ж. - бүгінгі күнге дейін
 

1972 жылы корпус екі қабатты екі бейімделуден құрылды,кереует саны 350 дейін кеңейтілді.Осы уақытта зертханалық қызметті Мария  Даниловна Максимова басқарды.Санаторийде белгілі адамдар еңбек етті:рентгенолог медицина ғылымдарының кандидаты Иван Васильевич Туляков,сондай-ақ ҰОС қатысушысы 1-2 деңгейлі Ұлы Отан соғысы орденінің, Қызыл Жұлдыз және көптеген медальдар иегері Меңдіқара ауданының құрметті тұрғыны Виталий Андреевич Кравченко (14 с.)
 

1986 жылдың қыркүйегінде жаңа типтік 4 қабатты кешен эксплуатациялауға тартылды  және кереует саны 250  дейін болып қысқартылды. Кешен құрамына 200 көрермендік кинозал, 200 орындық түстену залы бар ас блогы, 7500 томдық кітап қоры бар кітапхана, оқырман залы енді. Осы жылы санаторий облыстық бюджетке тапсырылды және облыстық туберкулезге қарсы санаторийі болып аталды.
 

1989 жылы ұжымның қолдаухаты бойынша Қаз.ССР министрлер кеңесінің 18.12.1989 ж. № 401 қаулысымен санаторийге біздің даңқы жерлесіміз  Қазан университетінің медицина факультетін 1887 ж. аяқтаған тұңғыш қазақ  дәрігері Мұхамеджан Қарабаев есімі берілді. (20 с.)
 

ДОТС енгізудің алғашқы жылдары экономикалық қиындықтарға байланысты санаторийді ұстау мақсаттылығы туралы мәселе алда тұрды. Дегенмен облыс басшысының салмақталған ұстанымы мен ҚР Президентінің 18.05.1998 ж. №3956 «ҚР азаматтарының денсаулық жағдайын жақсарту бойынша алдыңғы кезектегі шаралары туралы» жарлығының уақытылы шығуының және ҚР үкіметінің 04.09.1998 ж. «ҚР тұрғындарын туберкулезден қорғаудың шұғыл шаралары туралы» қаулысы бойынша санаторийді сақтап қалу мүмкін болды. 11.09.2000 ж. бастап санторий кешенінің кереует қорын қайта құрған соң ,облыстық денсаулық сақтау басқармасының бұйрығымен «Боровское» санторийі 200 кереуеттік ересектерге арналған «М.Қарабаев атындағы Қостанай облыстық туберкулезге қарсы санторийі»болып қайта құрылды. ДОТС стратегиясының біздің Республиканың жағдайларына бейімделуіне байланысты санаторийдің қызметтері өзгерді. Емдеуге бактерия бөлінбейтін қарқынды және демеуші фазадағы науқастар түсетін болды. 2003 жылғы қарашадан бастап туберкулездің мультирезистенті нысанындағы науқастарды емдеу үшін 40 керует орын алды. Емдеудің  жаңа әдістерін игеріп, іс жүзінде ендіріп жүрген дәрігерлер: «Құрмет белгісі» орденінің кавалері Абай Исахметұлы Бекбосынов, Светлана Николаевна Сильченко, Галина Васильевна Фуртикова, Елена Викторовна Матвеева (17-18 с.)
 

2014-2016 жылдары дәрігерлер ұжымына жас докторлар келді . Ринат Сакенұлы Жиенқұлов пен Батырхан Мұратбекұлы Исмаилов. (19 с)
 

Бүгінде санаторийде 150 керует жайылған, олар тәулік бойы жұмыс істейді. 01.01.2018 ж. бастап Қостанай облысы әкімдігінің 03.11.2017 ж. №543 қаулысымен санаторий КМҚК болып қайта тіркелінді және енді санаторийге күллі республикамыздан «Бюро госпитализации» порталы арқылы жолдама алады:
Емдеудің демеу фазасындағы сырқаттар;
«Д» есебінің 2 тобы бойынша тұрған сырқаттар.